АТА ЗАҢ – БЕЙБІТ ЕЛДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына — 25 жыл толды. Конституция – Қазақстанның Ата заңы. Сондықтан оны құрметтеу баршамызға парыз.

Еліміздің бас құжаты іспетті заңдар қазақ халқында ежелден болған. Соның бірі ретінде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысын» атап өтуге болады. Ал әлемде алғашқы Конституция 1679-1688 жылдары «құқықтар жөніндегі билль» деген атпен қабылданған. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан халқы 1924, 1937, 1978 жылдары қабылданған Ата заң бойынша өмір сүрді. Дегенмен дала демократиясына сүйенген ұлтымыз ежелден қоғамдық қарым-қатынасты салт-дәстүр мен билердің төрелігімен шешіп отырған.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституциямыз қоғамның жалпы құндылықтарымен мазмұндалған басты құжат боп саналады. Тәуелсіздік тарихында алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда дүниеге келді. Ал бүгінгі Конституцияның басты ерекшелігі заң шығарушы, атқарушы, сот билігінің құзыреті, олардың өзара іс-қимыл әрекеті толық айқындалған.

Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің жұмысы Конституцияның заң талаптарына сәйкес үйлестірілген. Аталмыш саланың басты міндеті еліміздің республикалық,жергілікті бюджетінің және Ұлттық қор қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалайды. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазынашылық органның құрылғанына биыл 26 жыл толды.
Уақыт бір орында тұрмайтыны белгілі. Бүгінде сала үлкен өзгерістерді бастан өткерді, заман талабына сай дамып, алға жылжуда.

Мәселен, қаржылық құжаттарды қабылдау мен өңдеуге байланысты қызметтерді автоматтандыру үшін Қазынашылық-клиент ақпараттық жүйесі әзірленді. Бұл жүйенің көмегімен мемлекеттік мекемелерге қашықтықтан қызмет көрсетуге кең мүмкіндіктер ашылды. Сонымен бірге ол нақты уақыт режимінде қаржының қозғалысы мен оның нақты жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Еліміздегі түрлі саланың, соның ішінде, мемлекеттік қызмет сапасының артуы, азаматтарға қолайлы жағдайдың жасалуы адамның өмірі, ар-ожданы мен бас бостандығы, демократиялық еркіндігі бірінші орынға қойылған Конституция талаптарының арқасы. Сондықтан Ата заңды ардақтау, оны құрмет тұту баршамыздың міндетіміз екенін естен шығармауымыз керек.

Қарлығаш ШАРАФИЕВА,
Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444