Шымкент қалалық өзбек драма театры «Ата Заң -Ел тірегі» атты онлайн концерт өткізді
30 тамыз Конституция күніне орай Шымкент қалалық өзбек драма театры «Ата Заң -Ел тірегі» атты онлайн концерт бағдарламасын ұсынды. Театр ұжымы онлайн концертті қазақ-өзбек бауырлас халықтың ежелгі достығына арқау болатын «Достық» әнімен бастады. Мұнан соң Дилдора Халметова патроиоттық «Мереке» әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, тағы бір айта кететін жағымды жаңалық, аталмыш театрдың негізін қалаған азамат, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамович — Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Конституциясына — 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Театр ұжымына алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!