Ынтымағы жарасқан «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Ассамблея ширек ғасыр аясында этносаралық келісімге қол жеткізудің жалпыға танылған бірегей институтына айналды. Біз қазақстандық үлгінің жетістігінің негізгі факторы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси көшбасшылығы мен ерік-жігеріне байланысты болғанын ешқашан ұмытпауымыз керек. Елбасымыз Қазақстанның ұлттық саясатының басты ұстанымдары мен принциптерін толық айқындаған тұлға.

Қоғамдағы татулықты басты мақсат етіп келе жатқан Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі аз этностарды біріктіріп, елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, қазақстандық патриотизмді дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастырып келеді.

Бірлестік өңірдегі молдаван, лезгин, осетин, гагауз, қарашай, болгар, чех, латыш, эстон, удмурд, марий, сыған, чуваш, угор-карел, мордва, мары сынды өкілдерінің саны аз ұлттарды өз қанатының астына алған бірлестік олардың мәдениеті мен салт –дәстүрін сақтау мақсатындағы жұмыстардың атқарылуына үлес қосуда.

Бүгінде бірлестікті Шымкент педагогикалық мәдениет институтының түлегі, білім , мәдениет салаларында қызмет атқарған Гаухар Төлепова басқарады. Бірлестік жанында жастар қанаты мен «Әжелер» фальклорлық ансамблі жұмыс істейді.

Бірлестік өкілдері өңірдегі саны аз этностарды ортақ қазақстандық мүддеге жұмылдыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайту бағыттарындағы шараларды жүзеге асырады.

Бірлестік мүшелері түрлі кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен  ғылыми-тәжірбелік конференциялар, байқаулар, мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Бірлестік бірнеше арнайы және жоғары оқу орындарымен өзара Меморандумдарға қол қойылып, жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. «Шаңырақ шаттығы», «Отбасы – өмір аясы» байқаулары мен Аналар күні мерекесін жоғары деңгейде атап өту дәстүрге айналған.

Бірлестік жанынан құрылған «Домалақ ана», «Ынтымақ», «Көркем»  әжелер топтары жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, оны телеарналар арқылы таратуда.

Бірлестік  жанындағы әжелер тобы жергілікті телеарнамен бірлесіп, «Ашамайға мінгізу », «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бастаңғы», «Құдаласу», «Енші беру», «Босаға майлау,» «Ерулік», «Төркіндеу», «Аунату»  сынды ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді көрсетіп, сахналады. Сонымен қатар, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған бірқатар мәдени іс-шаралардың бел ортасынан табылып, ұлттық өнерімізді түлету жолында жемісті еңбек етіп келеді.

«Береке басы- бірлікте» деген қазақ халқы. Қазіргі Қазақстан қоғамының  жаңару жолы мен дамуы ең алдымен елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық түсіністікке байланысты. Осы маңызды рухани факторды жүзеге асыруда «Ынтымақ» этосаралық мәдени бірлестігі алдағы уақытта да бар күш-жігерін жұмсайтын болады.

Қиындықты жеңетін бір ғана күш бар, ол-бірлік. Достық пен ынтымақ бар жерде , береке мен ырыс болары айдан анық. Тәуелсіздік жылдарында еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлемде өзіндік орны бар мемлекетке айналуы осы ынтымақтың жемісі. Ұлт пен ұлыстың татулығы арасында, бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келеді. Оған Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің қосқан үлесі орасан.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444