Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының республикалық «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында, аудан аумағында тұратын ҰОС ардагерлері және тыл ардагерлерімен кездесіп, арнайы сыйлықтар табысталып, қолдау көрсетілді.
Аталған іс-шара «Samruk-KazynaTrust» және «Халықаралық волонтерлық желі»,»ASAA» халықаралық қоғамдық мекеменің ұйымдастыруымен өтті.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 12 Ұлы Отан соғыс ардагерлері және 1201 тыл ардагерлері тұрады. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімдігі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444