Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 25 жылы аясында

Хасан Бациев, Шымкент қаласының тұрғыны, шешен ұлтының өкілі:

-Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз-Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті,-деп Елбасымыз Жолдауында айтқан болатын. Шымкент қаласы — әр ұлттың тілі мен дінін құрметтеген, барлық этностармен тату тұрып жатқан айтулы аймақтардың бірі де бірегейі.  Аштықты да, соғысты да көрген шешен халқының өкілдері 1944 жылы тарихи отанынан ықтиярсыз көшірілді. Әкем Қазақстанға  ағасымен бірге 7 жасында келді.

Уақыттың қиындығына қарамастан жергілікті халық вайнахтарды құшақ жая қарсы алады. Қысылтаяң шақта өз асын ұсынып, қолұшын берді. Қазақ халқы артта қалғанды жетектеп, аш қалғанды тойдырады. Әкем шаруаға ерте араласты. Ауыр еңбек оны ерте есейтті. Ата-анамыз шаруа адамдары болған соң ба, ол кісілердей қиындық көрмедік. Қазақ ауылында өсіп, қазақтың қара домалақ  балаларымен бірге жетілдім. Қазақ тілінде білім алдым. Қазақстан еліне алғысым шексіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444