«Ата Заң-мемлекет тірегі»
ҚР Конституциясына 25 жыл
1991 жылы Қазақстан егемендігін алып, еңсесін көтерді. Көк ту желбіреп, тұғыры мықты Ата Заңымызды қабылдадық. Бұл тәуелсіздігіміздің берген өрісті жемісі. Бүгінде әрбіріміздің құқығымызды қорғап беретін Бас құжатымызға 20 жыл толып отыр. Оның ішінде біз өзге ұлт өкілдері, біздің теңдігіміз бен керегеміздің кеңдігін қамқорлықпен қанатына алған бұл Заңның біздер үшін берер мүкәммалы мол.
Заңның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жайдан жай басталмаса керек. Демек, адам өмірі, оның бостандығы мен құқықтары басты кезекте тұрған бұл құнды құжат біз үшін ең бағалы байлық болып саналады.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық деп бұқараға тағы да бет бұрады. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді,-делінген. Мұнда халықтың демократиялық таңдауы басты орынға қойылған. Билікті жамағат таңдайтынын бізде жақсы білеміз. Ары қарай өрбісек, 7-ші бап Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп тілге ерекше назар аударылады. Ал біз басқа ұлттың азаматтары болғандықтан біз туып өскен еліміздің тілін, дінін құрметтеп, үйреніп, қазақ тілінде сөйлеп, балаларымызға насихат етіп келеміз. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды,-деп өзге ұлттың тілін де құрметке алады.
8-ші бап, Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынытымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады-деп бейбіт өмірді көздейді. Ауызбіршілік, татулық мемлекет үшін алдыңғы кезектегі басты мақсат екенін осы аталмыш бап айқын көрсетіп тұрғаны мәлім.
Біз осы елдің Грузин ұлтының ұрпақтары қазақ елінің бізді құшағына басып, кеңдігін көрсетіп келгенін мақтанышпен айта аламыз. Олардың қонақжайлылығы, бауырмалдығына тәнтіміз. Қаншама жылдар бойы осы Шымкент шаһарында тұрып, бірге туғандай, татулығымыз, бірлігіміз жарасқан көп ұлттың басы айрандай ұйып, ұйымшылдығымызда ұлысып, ұлтаралық келісіммен тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызды басқа ел қызығып та қызғана да қарай алады.
Міне, осы Заң бізді тағы да жақындастыра түседі. 14-ші бапта- тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды делінген. Өзге ұлыстың азаматтарын қадірлегенінің тағы да куәсі бола түстік.
Сонымен қатар, 19-бапта «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар»-деп және кесіп айтқан.
Ал, 21-ші бапта Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар,-деп әр азаматқа еркіндік берілген. Шетелге барып, қайта оралуымызға да еш кедергі жоқ екенін ашық түсіндірген.
Конституция осылай 9 бөлімнен, оның 98 бабынан тұрады. Онда 1-ші бөлім «Жалпы ережелер», 2-ші бөлім- адам және азамат болып бөлінсе, 3-4-ші бөлімдер- Президент пен Парламентке жіті тоқталады, одан кейін 5-6-шы бөлімдер- Үкімет пен Конституциялық Кеңеспен толықса, 7-8-ші бөлімдер Соттар және сот төрелігі мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарумен жалғасып, 9-шы бөлім қорытындымен түйінделеді.
З.Бочоришвили,
Шымкент қалалық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы