«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция аясында кездесу өтті

Шымкент қалалық Әл-фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға сәйкес (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификацияланған) жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтеді.
Кездесу барысында балалар арасындағы әлімжеттілік жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.
Аталған жиналысқа аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, «Ана үйі» қоғамдық қорының кординаторы, «Сана сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығының әлеуметтік қызметкері және Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ аға лейтенанты қатысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444