«Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды»

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр ішінде Елбасы Қазақстан халқын бірлікті ту ете отырып, тізе қосып дамуға, бүгінгі ұрпақты тәуелсіздігіміздің баянды, әрі мәңгілік ету жолында қызмет етуге шақырды. Біз, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қанатының астындағы барша этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясына мақұлданған әрі барша қазақстандықтар тарапынан қолдау тапқан «Мәңгілік Ел» ел идеясынан туындаған «Мәңгілік Ел» патриоттық Актісін негізге ала отырып, Тәуелсіздік табыстарын арттырып, Мәңгілік Ел құру жолында бірігеміз.

Халқымыздың меймандостық, бауырластық, еңбеккерлік   дәстүрлерін үздіксіз жалғап, салт-сананың сарқылмас бұлағы болған оңтүстік жұртшылығы Болашағы Біртұтас Елдің берік іргесі болып қалануға әрдайым әзір.

Біз, шуақты өлкенің елжанды ұрпақтары, Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған сындарлы саясатты қолдай отырып, Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі – жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бір кісідей үлес қосамыз деп сендіреміз.

Өткенін – ғибрат, болашағын – баянды еткен Қазақстан халқы  Елбасы ұсынған Ұлт жоспарында белгіленген межелерді нәтижелі іске асыруға және «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын төртінші бағытты орындауға біріге жұмыламыз.

Біз, Шымкент қаласында этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп отырған «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының өкілдері, тарихи сабақтастыққа негізделген «Мәңгілік Ел» патриоттары қабылдаған Жеті тұғырды келешегімізді кемелдейтін бағдар етіп айқындадық.

1.Бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

2.Бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

  1. Бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
  2. Бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
  3. Бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
  4. Бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
  5. Бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Жасампаздық пен жетістіктің Жеті тұғыры әрқайсысымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік пен ертеңге күнге деген сенім ұғымдарын ұстануға үндейді. Осы қарапайым қағидаттарды әр отбасыда ұрпақ тәрбиелеудің ұстыны етуге үгіттейді.

Баршаларыңызды Ұлы Даланың ұлағатын үлгі тұтып, Біртұтас Еліміз – «Мәңгілік Елге» бастайтын қастерлі құндылықтарын сақтап, еселеуге шақырамын.

Халқымызда «Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды» деген сөз бар. Сондықтан ынтымағымыздың шынайы, бірлігіміздің баянды болуы әрбірімізге тікелей байланысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының аясына топтасқан түрлі ұлт өкілдері қоғамдағы елдігімізді танытар игі бастамалардың барлығына атсалысып, қолдау танытуда.

Ендеше, ынтымағы ырысты, бірлігі бекем оңтүстік жұртшылығы «Мәңгілік Елдің» мерейлі міндеттерін бірауыздан қолдап, егемен еліміздің тұғырлы татулығын арттыру бағытында жұмыс жасайық.

Төлепова Гаухар Уалиханқызы

«Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығы»

қоғамдық бірлестігі

«Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының  төрайымы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444