ШЫМКЕНТ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және «Шымкент–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев азаматтарды қабылдады.

Жеке қабылдау «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде өтті. Қабылдауға  жазылған  азаматтар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Азаматтардың басым көпшілігі білім, жер, жұмыспен қамту салалары мен қылмыстық істердің қаралуы бойынша мәселелерді көтеріп,  қабылдауға келгендердің сұрақтарына заң шеңберінде ақпараттық түсіндірмелер берілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы атап өтті.

Осы орайда, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы 30-дан астам қабылдау жүргізіп, 50-ге жуық мәселелерді қарастырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444