ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ ТОП АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанынан «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді тобы» және Политехникалық колледжінің «Саналы ұрпақ» мүшелерінен құрылған Жұмысшы топ  қаладағы тұрғындар көп шоғырланған орындарды аралап, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыстары және 1424-call орталығы туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсат – 1424-call орталығына қоңырау шала отырып, кез-келген тұрғын өз ақпаратын сеніп тапсыра алатынын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация ала алатыны жайлы түсіндіру.

Түсіндірме жұмыстары барысында, Арбат, Самал базары және Республика көшесі маңайында 500-ге жуық қала тұрғындарына 1424-call орталығы және жобалық кеңсенің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық афишалар таратылды.

Сонымен қатар, «1424» нөмірі ұялы телефоннан да, стационарлық қалалық телефоннан да қолжетімді, қоңырау шалу тегін және тәулік бойы жұмыс істейді. Орталық қызметкерлері азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, сондай-ақ дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстар туралы хабарламаларды өңірлерге дереу жолдайды.

Аталған іс-шара тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444