ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ ТОП ДӘРІХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАУДА
Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанынан «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топтың және қоғам белсенділерінен құрылған Жұмысшы топ қаладағы бірқатар дәріханаларды аралап, мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мақсат — дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау және медициналық препараттар бағасының негізсіз өсіруге жол бермеу.
Мониторинг барысында дәрі-дәрмектер қорының жеткілікті, әлеуметтік маңызы бар препараттардың шекті бағасын білуге болатын QR-кодтардың болуы қадағаланды .
Сонымен қатар, Жұмысшы топтың айтуынша еліміз бойынша «DariKz» электрондық қосымшасы жұмыс істейді, онда халық Қазақстан аумағында рұқсат етілген дәрілік препараттар туралы барлық ақпаратты, оның ішінде олардың бағасын біле алады.
Бүгінгі таңда жыл басынан бастап 11 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, қоймалар және медициналық ұйымдарға 5 мониторинг жұмыстары жүргізілді. 75 дәріханаларға дәрі-дәрмектердің шекті бағасы көрсетілген QR-коды бар афишалар орнатылды. (жалпы 505 дәріханалар).
Айта кетейік, Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ тұрақты түрде дәріханаларға мониторинг жүргізіп, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін назарға алады.