ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА РЕЙДІК ІС-ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің және қалалық білім басқармасының қызметкерлері мен
«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшесімен орта арнаулы оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Басты мақсат — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, студенттік жатақханалардың мақсатты пайдалануын, соның ішінде, өзге санаттағы азаматтардың және отбасылардың негізсіз тұруын болдырмау болып табылады.

Шымкент қаласы бойынша жалпы 2 ЖОО мен 7 колледждің жатақханаларына мониторинг жүргізілді.

Бақылау қортындысымен, колледждердің жатақханаларында заңсыз жатқан студенттер жоқ екендігі және бос орындардың көптігі анықталды.

Осыған байланысты, колледждердің басшылығы жатақханаға орналасуға өтініш білдірген студенттерге орынның жеткілікті екендігін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444