САУДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР, САНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР

Астана қаласында «Эталон орталығы» ғимаратындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде ДСҰ-ның Оқыту және техникалық жәрдемдесу жөніндегі институтынан лекторлар шақырылып, «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық (СТК және СФС) шаралар бойынша ақпарат алмасу арқылы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның «Қазақстан метрология институты» РМК-ның өкілдері мен экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Аталмыш семинардың мақсаты – отандық өндірушілердің мүддесін қорғау және кемсітушілік талаптарды болдырмау үшін ДСҰ-ға мүше елдерде әзірленіп жатқан техникалық регламенттер (өнімдерге қойылатын міндетті талаптар) туралы хабарламаларды қадағалау және оларға ден қою бөлігінде мемлекеттік органдар мен экспортқа бағдарланған отандық өндірушілердің өзара іс-қимылдарының тетіктерін түсіндіру.

Аталған іс-шараны техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғ. Дұғалов ашты. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Бас директорының орынбасары Еркежан Амирханханова және СФС бойынша Келісімдердің айқындығы принципін іске асырудың өзекті мәселелері: Қазақстанның мүдделі тараптарының перспективалары, СТК/СФС жөніндегі ақпарат орталығының жұмысы туралы сөз сөйледі.

ЕркежанАмирханова өз сөзінде отандық өндірушілердің мүддесін қорғау үшін ДСҰ бойынша әріптес елдердің нормативтік техникалық құжаттарын және нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік органдармен және экспортқа бағдарланған өндірушілермен бірге қараудың маңыздылығын атап өтті.

ДСҰ сарапшылары Devin McDaniels мен Tim Corrigan СТК және СФС шараларын қолдану жөніндегі ДСҰ келісімдерінің негізгі принциптері мен ережелері, басқа мүше-мемлекеттердің мемлекеттік және жеке сектор арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру бойынша пайдаланып жатқан тетіктері жөнінде  айтып берді. Сондай-ақ ДСҰ сарапшылары ДСҰ-ға шығарылған нақты сауда проблемалары мен даулар туралы мысалдар келтірді.Семинардың қорытындысы бойынша ондағы көтерілген өзекті мәселелер мен проблемалар талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444