ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес Абай ауданы әкімдігінің өкілдері Қатынкөпір шағын ауданы Хантәңірі көшесінің тұрғындарымен кездесті.

Таяуда бұл көшенің тұрғындары қала әкіміне хат жолдап, 15 жылдан бері шешімін таппай келген, Қошқар ата өзенінен өтетін көпір мәселесі жөнінде жеткізген болатын.

Тұрғындар Әл-Фараби және Спатаев көшесіне шығу үшін Хантәңірі көшесіндегі заңсыз салынған көпірден өтеді. Бұл көпір 20 жыл алдын №4 үйдің иесі тарапынан соғылған. Уақыт өте келе көше тұрғындары үлкен көшелерге шығу мақсатында қысқа жол ретінде осы көпірді пайдаланған.

Көпірдің қазіргі ахуалы талапқа сай келмейді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қоршау болмағандықтан бұл жерде қайғылы жағдай жиі орын алып тұрады.

Тұрғындармен өткен кездесуде аудан әкімдігінің өкілдері Қошқар ата өзенінің үстінен салынған көпірге зерделеу жұмысын жасап, қаңтар айының соңына дейін көпірдің ашық бөліктері жабылып, жанына қоршау темірлер орнатылатынын жеткізді. Қыс мезгіліндегі тайғаққа қарсы арнайы кедергілер де қарастырылады.

Айта кетейік, Хантәңірі көшесінде орналасқан көпір тұрғындардың ұсынысымен уақытша пайдаланылып отыр. Бұл мәселе түбегейлі шешімін табу үшін аудан әкімдігінің жоспарына енгізілді.

Қала шаруашылығына қатысты мәселеңіз болса 109 байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444