Ата заң  — елдігіміздің еңсесі» атты Zoom, whatsapp желілерінде қашықтықтан тәрбие сағаттары өтті

Жер бетіндегі тепе-теңдік пен тұрақтылықтың кепілі болған Конституция біздің құқықтарымыз бен бірге міндеттерімізден құралған. Ата-заңымыз кеше жасалынған дүние емес. Ол еліміздің сан ғасырлық құндылықтары, әдет-ғұрпы, мәдениеті негізінде дүниеге келген. Тек егемендіктен соң ол заңды статусын — Конституция атағын алды. 30 тамыз елімізде Ата-заң қабылданған мерейлі күн болып танылды.
Саналы ұрпаққа Ата-заңымыздың бейбітшілігіміздің тірегі екендігін барынша түсіндіру, патриоттық сезімдерді ояту мақсатында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 52 мектеп-лицейінде  «Сен Ата-заңымыз Конституция туралы білесің бе? «, «Ата заң  — азат елдің ар намысы», «Ата заң  — елдігіміздің еңсесі» атты Zoom, whatsapp желілерінде қашықтықтан тәрбие сағаттары өтті. Оқушылар білім алу, тіл, медициналық көмек алу туралы баптарды жатқа айтып, Конституциялық білімдерін жетілдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444