ШТАБ БАСШЫСЫ АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесіп Абай ауданы әкімі аппаратының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Штаб жетекшісі С.Мәжінбеков тек заңдылық пен әдепті сақтау ғана емес, алдыңа өтінішпен келіп тұрған әрбір азаматтың мәселелеріне жанашырлық таныта білудің өзі азаматтардың парасаттылығын көрсететінін жеткізді.
Мемлекеттік қызметшілерге жүктелген жұмыстың оңай еместігін айтып, қызметте тек адал, әділ жолды таңдауға шақырды.
Өз кезегінде Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың міндеті екендігін айтты.
Жиынға қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтіндігі, осы нөмірге қоңырау шалу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатындығы хабарланды.