ПАРАСАТ ЖОЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында қызметкерлер арасында «Парасаттылық – мінез жарастығы» атты ақпараттық TIMES өткізілді.

Шараға қатысушылардың айтуынша парасаттылықты насихаттап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өскелең ұрпаққа ең алдымен, парасатты тәрбие беру керек. Ал кітапхана парасаттылықтың ордасы. Осы ретте кітапхана тарапынан да атқарылған жұмыстар талқыланды.

«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса — адамгершілік ұтады» — деп ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай мінез бен ақыл жарасса ғана адамгершілікке, сабырлылыққа қол жеткіземіз» — деген кітапхана ұжымы аталған тақырыптағы балаларға ұсынылатын үздік әдебиеттерді талқылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444