«200 КЕЗДЕСУ» ЖОБАСЫ: ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында «200 кездесу» жобасы қолға алынды.

Аталған шаралар барысында Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері түрлі сала өкілдерімен кездесті.

2021 жылдың қазан айында бастау алған кездесулер барысында ХҚКО, мәдениет, денсаулық, білім, дін, жұмыспен қамту, спорт және тағы да басқа  салалардың өкілдері мен жастар қамтылды.

Кездесулерде жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар, оның ішінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы мен комплаенс-қызметтер институты, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі хабарланды.

Жиында еңбек ұжымдарында парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік құндылықтарын енгізуге баса назар аударылды.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы 1424 CaII-орталығының  жұмыс істейтіндігі қатысушылардың назарына жеткізілді.

Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат осы номерге хабарласа алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444