ШЫМКЕНТТЕ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А.Жұмағали,  басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, АМТ басшысы А.Орынбек және топ мүшелері қатысты.

Іс-шарада Департаменттің мониторингтік топпен және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен өзара байланысы, сондай-ақ алдағы жоспарлар талқыланды.

Сыртқы талдау мониторингін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін негізгі салалар анықталды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша азаматтық белсенділер, бизнес өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдерінен құралған Арнайы мониторингтік  топтың жаңа құрамы бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444