ШЫМКЕНТ: «ПАРАСАТТЫЛЫҚ АЛАҢЫ -2019» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

«Асыл – тастан, ақыл жастан» демекші, тың идеялар, жақсы өзгерістер, оң  бастамалар жастардан басталады.

Осы орайда, бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Саз колледжінде жас ақындар арасында «Парасаттылық алаңы — 2019 (Әділдік, парасаттылық, сенім)» мүшәйрасы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты — жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті, парасаттылықты  кеңінен насихаттау болып табылады.

Сондай-ақ, парасаттылық, адалдық сияқты құндылықтарды насихаттау арқылы ақындар өскелең ұрпақ бойында патриоттықты,  адамгершілікті қалыптастыруға ерекше үлес қосады.

Іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді  дарындарымен тәнті етті.

Мүшәйра қорытындысымен жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444