АДАЛДЫҚТЫҢ АҚ ТУЫН АСПАНДАТҚАН АЗАМАТ

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Парасат жолы» орталығында белгілі журналист, «Ontustik» теле-радиокомпаниясының директоры Уәли Қыдыр Сағындықұлымен «Адалдықтың ақ туын аспандатқан азамат» тақырыбында шығармашылық кездесу кеші өтті.
Уәли Қыдыр балалық шағындағы естеліктерден сыр шертіп, әлеуметтік желідегі мәдениет, ақпараттың шынайылығы, салалық журналистика тақырыптары аясында ой қозғады.
Кешке қатысқан өткір де білікті журналистер, қоғам белсенділері Әсет Әссанди, Бақтияр Тайжан, Дәурен Дүйсебаев кеш иесінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық жолы жайында пікірлерін ортаға салып, жылы лебіздерін арнады.
Бұл кездесу кеші – журналист пен кітапханашылар қатысуымен өткен басқосу болса, келесі шығармашылы кеш «журналист» мамандығын меңгерем деген білім алушы жастармен ұйымдастырылады деп жоспарланды.
Шараны Мерзімді басылымдар секторының басшысы Айгерiм Аманқұлқызы жүргізiп отырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444