«Латын әліпбиіне көшу — болашақтың жарқын бағдары» тақырыбында апталық өтті
Шымкент қаласы №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің 05.11-15.12.2019ж. күндері аралығында «Латын әліпбиіне көшу-болашақтың жарқын бағдары» атты тақырыбында өткен апталық аясында «Қысқа мерзімді сабақты жоспарлаудың тиімді жолдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспар құру үлгілерімен таныстыру және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлаудың тиімді жолдарын түсіндіру мақсатында өткен дөңгелек үстелді «Өрлеу » біліктілікті арттыру БАҰО»АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Қуанышбаева Зауре және бастауыш әдістеме бірлестігінің мұғалімдері бастама болды. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог А.Байтұрсынов «Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру» деген. Заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік береді.
«Бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда жаңа әдістердің тиімділігі» тақырыбында Халықаралық Қазақ-Түрік университеті түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, қазіргі таңда екі жақты келісімшартпен Түркияның Ардахан университетінде жұмыс жасайтын Байниязов Аябек Жандарбекұлымен Түркияның Ардахан университетінің оқу-тәрбие үдерісімен танысу мақсатында желілік байланысқа шықты. Қатысушылар: Фарук Крал –Ардахан Юнус Эмре Анадолы лицейінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары. Аябек Байниязов-Ардахан университеті «Қазіргі түркі тілдері»кафедрасының профессоры.Үлпетай Ниетбай-Ардахан университетінің докторанты. Илкер Мулайим — Ардахан университетінің магистранты. Эсра Коджа- Ардахан университетінің магистрантары болды. Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта келіп бастауыш мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшіліктерінің маңызы зор.