Ата Заңымыздың тарихы, маңызы мен мазмұны түсіндірілді
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты № 62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұргүл Пермановна егемен еліміздің Конституциясына 25 жыл толуына орай, «Ата заң-Азат елдің Ар-намысы» тақырыбында онлайн режимде оқушыларымен ақпараттық сағат өтті. Сабақта Ата Заңымыздың 25 жылдық тарихы, қанша бөлім және қанша баптан тұратыны, олардың маңызы мен мазмұны түсіндірілді. Ал, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып бүлдіршіндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мектеп директоры Бимұратова Әлия Асқарқызының құттықтауымен, алғашқы қоңырау үні сыңғырымен, мектепке қадам басты. Бүкіл әлемде болып жатқан COVID-19 вирустық инфекциясы 2020-2021 оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушылар үшін, ерекше естен кетпес естелік болып қалды.