ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРЫЛДЫ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар, Ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі Қайрат Анарбаев, Nur Otan партиясының Қаратау аудандық филиалының тіркеу және сектор меңгерушісі Ақжарқын Әбілдаева Қаратау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауындағы негізгі бағыттары талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, қоғамда ашықтық, адалдық, әділдік қағидаттарының белең алуы тиіс екендігі айтылып, жиынға қатысушылар жемқорлықтан алшақ болуға шақырылды.
Төтеншеліктер қатысқан жиында Ақпараттық-ағартушылық штабының құрылу мақсаты мен құрамы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылық, адалдыққа жастайынан тәрбиелеу қажеттігі айтылды.
Шараға қатысушылар өскелең ұрпақты парасатты етіп тәрбиелеу – тек қана ата-аналардың ғана емес, қоғамның міндеті екендігін сөзге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444