РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖЕТЕКШІСІ ШЫМКЕНТТЕ

Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Соловьева Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.

Ең алдымен Департамент басшысы Асхат Жұмағали жақында ашылған «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталығымен таныстырып, Орталық барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылғандығын жеткізді.

Қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында келген Айгүл Сағадибекқызына аталған орталықтағы қалалық Арнайы мониторингтік топтың арнайы бөлмесі көрсетіліп, тұрақты түрде Топ мүшелері жиналып, талқылау жүргізетіндігі айтылды.

Одан әрі, мегаполистегі арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесу өтіп,  сыбайлас жемқорлықпен күрестегі азаматтық қоғам белсенділігінің маңыздылығы айтылды.

Республикалық Арнайы мониторингтік топ жетекшісі кездесуде жемқорлыққа қарсы күрестің қалай жүзеге асырылып жатқаны төңірегінде әңгіме қозғап, оның пайда болу себептеріне баса назар аударылып жатқандығын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауының басым бағыттарын талқылап, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығына көптеп көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

Одан бөлек,  сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әрбір азаматтың рөліне тоқталып, мегаполисті жемқорлықтан  азат етуде барынша көмек беруге шақырды.

Кездесу соңында қалалық Арнайы мониторингтік топ мүшелері атқарылған жұмыстарымен таныстырып, бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444