Мен мемлекеттік қызметші екенімді мақтан тұтамын
Баршаға белгілі бес институционалдық реформаның бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» деп аталады. Бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарынан көріну үшін ең алдымен мықты мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесі ең өзекті деуге болады. Қазіргі таңда осы «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын іске асыруда ең бірінші кезекте мемлекеттік қызметті дамытуға көңіл бөлініп отыр.
Мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, мемлекеттік қызметтің сапасының артыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарда барынша күшейтіліп келеді. 1999 жылы 23 шілдеде мемлекеттік қызметшілердің барлық міндетті, мақсатты қырларын айқындайтын «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданды. Қолданыстағы осы заң бүгінгі күнге дейін бірнеше рет өзгертіліп, толықтырулар енгізілді. Мерекелік күнтізбенің қатарына 23 маусым — Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілді. Мерекенің басты мақсаты-мемлекеттік органдарда қызмет істейтін азаматтардың жұмысқа деген ынта-жігерін арттыру, жылдар бойы сіңірген еңбегін назардан тыс қалдырмай, марапаттау, елге талмай еңбек етіп жатқан азаматтарымыздың шығармашылығына шабыт беру, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түсу болып табылады.
Мемлекеттік қызмет мен үшін жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым болып табылады. Бүгінде әрбір арнайы-орта және жоғары білімі бар жас мамандарға мемлекеттік қызметке келу үшін оңай жағдай жасалған. Бұл қызмет түрі үміткерден небәрі жеткілікті білімді, құқықтық сауаттылықты, өнегелі тәртіпті, адалдық пен ар-намыс тазалығын талап етеді.
Жалпы мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүріп, кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай, әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстауға тәрбиелеу керек. Басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек, құқыққа қарсы әрекеттер көрсе, бей-жәй қалмауы тиіс.
Түйіндей келе, мемлекеттік қызметші үшін «өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпай, мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасақ та дұрыс жауап беріп, шығарып салу» басты қағидаға айналуы тиіс.
Мен мемлекеттік қызметші екенімді мақтан тұтамын және кәсіби жүріп өткен жылдарымда сіңірген еңбегім үшін:
- 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен;
- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының Алғыс хатымен;
- 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен;
- 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының Құрмет грамотасымен;
- 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің «Бәсекелестікке қарсы органның 25 жылдығы» төс белгісімен марапатталдым.
Отбасылымын, отағасы екеуміз бір ұлдан үш немере бағып отырмыз. Улкен немерем мақтанышым Арслан 2 сыныпты аяқтады. Ол Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің үздік оқушысы және спортшысы (киокушинкай каратэ спорт түрінен қаларалық және облысаралық жарыстардың жүлделі бірінші орындарының иегері).