«АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ» АТТЫ ZOOM ВИДЕО-БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН АШЫҚ СҰХБАТ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында Zoom видео-байланыс ақпараттық жүйесі арқылы онлайн ашық сұхбат өтті.

Онлайн ашық сұхбаттың мақсаты жастарға адалдық пен парасаттылықты насихаттай отырып, адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру болып табылады.

Ашық сұхбат алаңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Жұлдыз Балтабаева, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жани Қамбар, «EcoSana» қоғамдық қорының жетекшісі Нұрайым Шахимерген, журналист әрі блогер Рахат Арғынбай, Шымкент волонтерлер корпусының президенті Жасмин Ашимова және «Ақиқат» пікірсайыс орталығының төрағасы Ақан Бесбаев зерделі ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, аталмыш сұхбатқа жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары мен студенттері, қаламыздың белсенді жастар қатысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444