ANTIKOR.LIVE: ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІҢ КЕЗЕКТІ СПИКЕРІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан әкімдігінің қызметі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
«Antikor.Live» жобасы аясында өткен эфир барысында ауданның құрылымы, бөлінген бюджет, ауыз су, жарықпен, табиғи газбен қамту, жолдардың құрылысы, санитарлық тазалықты сақтау, жемқорлықты болдырмау және тағы да басқа салалар бойынша атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берілді.
Спикердің айтуынша, аудан аумағында 247 мыңнан астам тұрғындар тұратын 24 елді мекен, 47 202 жеке тұрғын үй бар. Оның 77 пайыз тұрғын үйі тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 12,6 пайызы кесте бойынша, 10,4 пайызы тасымал сумен қамтамасыз етілген. 34 833 тұрғын үй газбен қамтылса, қалған 12 369-ы қамтылмаған.
Эфирде ауданға қарасты тұрғын алабтарында ұзындығы 42,3 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығынан хабардар етті.
Абзал Шымкентбайұлы аудан әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында арнайы іс-шара бекітіліп, тұрақты түрде мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғандығынан хабардар етті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тоқсан сайын жүргізіліп, барлық бөлімдер қамтылуда. 2021 жылдың 6 айында сырттан сарапшы тарта отырып, жұмысшы топ құрылып, сыртқы талдау жүргізілген.
«Ашық әкімдік» алаңында аудан әкімінің орынбасарлары апта сайын азаматтарды қабылдап, мәселелерін тыңдауда.
Сонымен қатар, спикерге тікелей эфир барысында бірқатар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.