ТҮРКІСТАН: ӘР БАСШЫ ӨЗ МЕКЕМЕСІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫ КЕРЕК

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Кентау қалалық әкім аппаратының қызметкерлері мен әкімдікке қарасты дербес бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге қатысқан ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары  Асанұлы Ғанижан қоғам арасында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын басшылыққа алып өмір сүру — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  алдын алудың маңызды құралы екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ғанижан Асанұлы Агенттік жұмысының басым бағыттарын, оның миссиясы мен құндылықтарын түсіндіріп, жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажеттігі жөнінде ақпарат берді.

200-ге жуық қызметкер қатысқан кездесуде Ғанижан Асанұлы Кентау қаласында орналасқан бірқатар мекеме ғимараттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын — алу бойынша ақпараттық жадынамалар ілінбегенін айтып, «Басшылар өздері басқарып отырған мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керек — деп, бұл үшін тәртіптік жауаптылық бар екенін ескертті. Департамент тарапынан мекемелердің кеңсе және басшылардың қызмет бөлмелерінің кіре беріс жеріне «1424» нөмірі көрсетілген жадымаларды орналастыру туралы хат жолданғанын айтты.

Жиынды қорытындылаған Ғ.Асанұлы мемлекеттік қызметшілерді сеніп тапсырылған міндетті жоғары абыроймен атқаруға үндеп, өз іс-әрекеттерімен киелі өңір атына кір келтірмеуге шақырды.

Шара соңында қатысушылардың  қоғамдық санасына әсер ету құралы ретінде облыста, орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444