ТҮРКІСТАН: ПАРАСАТЫ БИІК ТҰЛҒА — ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Парасаттылық — адам өмірінде мәдениеттілік пен көрегенділік сипатына ие. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелерінің кезекті кездесу Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінде өтті.

Ауыл тұрғындарымен өткен мақсатты жиынға облыстық ақпараттық — ағарту штабының мүшелері Айдос Абпазов және Ерұлан Тұңғышбаев, сондай-ақ, ауыл әкімі Ж.О.Мырзабеков, ауылдық округі әкімі аппаратының, білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары  мен ата-аналар қатысты.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында штаб мүшесі А.Абпазов қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарды түсіндіріп, жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін айтып, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.

Ал, Ерұлан Икрамұлы үгіт-насихат штабының жұмысы туралы баяндай келе, негізгі мақсат киелі Түркістан өңірін жемқорлықтан ада өңір ету үшін үлес қосуға үндеді.

Кездесу соңында тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және адал қоғамды бірге құру бойынша ұсыныстар айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444