Шымкент-Цирк мекемесінің арулары арасында «Өнер -жастан» атты байқау өтті
Қазақ әйелі — бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен әлемді тербетуге қауқарлы. Шымкент-Цирк мекемесінің арулары арасында «Өнер -жастан» атты байқау өтті. Қазақи салт-дәстүрдің насихатталуын басты назарға алған мекеменің грим бөлімі өнерлілердің өресін байқауды мақсат еткен. Аталмыш байқауға бес ару қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, дәмі тіл үйірер тағамдарды жасаудан да кенде еместігін байқата білді. Тамырын тереңге жайған цирк өнерінің тарихынан арнайы қойылған сауалдарға жауап берді. Нәтежиесінде ерекше өнерімен көпшіліктің көзайымына айналған Калилаева Мадина Бақытқы үздік деп танылып, «Шымкент-Цирк аруы-2019» атанды. Өзге қатысушылар да арнайы алғыс хатпен марапатталып, сый-құрметке бөленді. Дәстүрге айналған бұл байқау тек өнер емес, ұжымның ынтымақтастығы мен бірлігінің бастауы іспеттес.