«Senimdi Joǵaltpa» атты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған фестиваль өтті

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ғимаратында «Senimdi Joǵaltpa» атты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған фестиваль өтті. Фестивальді ұйымдастырушылар Шымкент қаласының белсенділері мен жастар мәслихатының депутаты Шайдуллин Тимур және Зарина Нуржановна. Шара барысында балалар психолог, кәсіпкер сынды спикерлерді тыңдап, спорт пен би өнері, сонымен қоса саксафонда ойнаудан және мэйкаптан арнайы тәжірибелік сағаттарда болды. Фестиваль соңында заманауи ән мен биден концерттік бағдарлама қойылып, балаларға сыйлықтар үлестірілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444