Шымкенттіктер 1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі мерекесін ерекше форматта құттықтады
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен қала тұрғындары мерекені ерекше форматта құттықтады. Төтенше жағдай кезінде үйде отырған тұрғындар бір сәтте терезеден көк туды желбіретіп, бірлігіміз бекем болсын деп ұрандатты. Ерекше құттықтау көпшіліктің назарын аударды. Байрақты биікке көтерген тұрғындар осылайша төтенше жағдайда жұртшылықты жігерлендірді және бұл құттықтау әлеуметтік желіге жүктеліп, барша қазақтандықтарға тарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!