Біртұтас бауыр елдің — тілегі бір, қазаны ортақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер арасында қазақ дастарханын әзірлеуден онлайн челлендж басталған болатын. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындауды ұйғыр этномәдени бірлестігі бастап, челленжді еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Дмитрий Щеткин қабылдап алды. Дмитрий қазақ халқының ұлттық тағамы — бесбармақты бабына келтіре пісіріп, дастарханға қойды. Мұндағы мақсат — елімізде бірге өмір сүріп жатқан түрлі ұлыстардың әдет-ғұрпына ілтипат көрсету, құрметтеу болып табылады. «Біртұтас бауыр елдің — тілегі бір, қазаны ортақ. Бәріміз де ырыс-несібесі мол елде берекелі өмір сүріп келе жатқан халықпыз» деген еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Дмитрий Щеткин челленджі әрі қарай Шымкент қалалық «Ынтымақ» этномәдени бірлестігіне жолдады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444