«Зайырлық дегеніміз дінсіздік емес»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №90 жалпы орта білім беретін мектебінде  зайырлық және дінтану негіздері пәнінен А.Ш.Орынбеков «Зайырлық дегеніміз дінсіздік емес» тақырыбында білім сайысын өткізді. Мақсаты: оқушылар бойында толеранттық, рухани білімдерін байытып, діни танымдық түсініктерінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Оқушыларды үш топқа бөле отырып, пәндік білімдерін жан-жақты ортаға салды.
І кезең топтың мақсатын таныстыру болса, ІІ кезеңде практикалық тапсырмаларды орындау барысында дәлел келтіріп, топтар бір-бірінен асып түсті, ІІІ кезеңде топтың таңдауына сәйкес сахналық қойлым көрсетілді. ІV кезеңде «Ашық микрафон» әдісімен сұрақ-жауап алаңына шықты.
Сайыс барысында оқушылардың екі жақты пікірлері мен образға еніп тарихи тұлғаны сомдауы, ғылыми терминдерге түсінік беруі өте жоғары деңгейде өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444