«Тайқазанның» тура көшірмесін технология пәні мұғалімдері мен оқушылары жасауда

Шымкент қаласындағы №90 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары ұстаздарымен бірге ағаштан жасалған тайқазанға ою-өрнек салу үстінде.

Қазақ тарихындағы үлкен ескерткіштің бірі, алтығасырлық тарихы бар, әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20 шаууал)
Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин жасаған алып, қасиетті қазан «Тайқазан» қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде тұр. Қазақтың тарихи жәдігерін жас ұрпаққа дәріптеу, қасиетін ұғындыру, тарихи құндылықтарын аялап, тарихын терең үйрету мақсатында Шымкент қаласындағы #90 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 жылдық тарихы аясында көптеген қолөнер туындылары дүниеге келуде. Соның бірі өзіміз тарихын тілге тиек етуден бастаған «Тайқазанның» ағаштан жасалып жатқан тура көшірмесі.

Аталған жәдігерді жасау идеясының авторы мектеп директоры Орынбеков Арман Шымбайұлы және «Тайқазанды» жасауға демеушілік көрсеткен «Ақ Ордасы» АҚ корпорациясы. «Тайқазанның» тура көшірмесін мектептің технология пәні мұғалімдері мен оқушылары жасауда. Оны технология сабақтарында оқушылар жасау барысында, тарихымен де тереңірек танысуда. Бұл қолөнер туындысының да жас ұрпақ бойында қазақ халқының тарихына, ұлттық құндылықтарына және қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыра түсетініне сенім мол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444