Қазақстан және Гвинея гидроэлектроэнергияны бірлесіп дамыта алады
«EXPO көрмесі жасыл энергетиканы насихаттаумен қатар, инвесторларға қолайлы жағдай туғызып отыр». Гвинея республикасының ұлттық күнінде сауда министрлігінің штаб басшысы Бала Допавоги осылай деді. Гвинея баламалы қуат көзін толығымен қолдайды. Энергетика саласы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін өздеріне ендіруді жоспарлап отыр. Олардың кейбір шалғай елді мекендерінде әлі күнге дейін жарық жоқ. Батыс Африка халқының 70 пайызы ауылшаруашылық саласында жұмыс істейді. Гвинеялықтар жасыл энергиямен қоса агроөнеркәсіп кешеніне қаржы салуға инвесторлар шақырады. Бала Допавоги, Гвинея Сауда министрлігінің штаб басшысы: – 2020 жылға дейін еліміздің 65 пайызын электр энергиясымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Оған қажетті ресурс та жеткілікті. Әсіресе су электр станцияларын көптеп салуға болады. Осы саланы дамытсақ деген ойымыз бар. Алайда ол үшін инвесторлар керек. Қазір келісімге келіп жатырмыз. EXPO көрмесі елге инвестиция тартуға өз септігін тигізеді деген сенім мол.
Қазақстан және Гвинея Республикасы гидроэлектроэнергияны және басқа да энергия көздерін бірлесіп дамыта алады. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елдің Ұлттық күніне арналған баспасөз конференциясында Сауда министрлігінің штаб басшысы Бала Допавоги мәлімдеді. Министрдің сөзінше, Гвинеяның мақсаты — Қазақстаннан инвесторларды тарту. «Қазақстанда мұнай және газ бар, ал бізде гидроэлектроэнергия саласында үлкен әлеует бар. Осылайша, гидроэлектроэнергияны және энергияның басқа да көздерін бірлесіп дамытуға болады», — деп атап өтті Бала Допавоги.. Сондай-ақ, ол екі ел арасында күн энергиясын және жел энергиясын дамыту бойынша ұқсастық бар екеніп атап өтті. «Біз қосымша және энергетикалық өңірлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отыра, ұлттық деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейде де өз үлесімізді қоса аламыз», — деді Гвинея өкілі. Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Гвинея арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25 жыл толған. Гвинея Республикасы — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 246 мың км². Халқы 7,4 млн. (1995). Негізгі халқы: фульбе, малинке, сусу, кисси, кпелле, т.б. Астанасы — Конакри қ. Ресми тілі — француз тілі. Халқының 70%-і мұсылмандар, 25%-і пұтқа табынушылар, қалғандары христиандар. Гаусс — республика. Елді президент басқарады.Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Гаусс жері түгелімен субэкваторлық белдеуде орналасқан.