«Жасампаздық энергиясы» тақырыбымен Израильдің павильоны ашылды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағында «Жасампаздық энергиясы» тақырыбымен Израильдің павильоны ашылды. Израиль инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы болып табылады және ЭКСПО-2017 көрмесінде қуаттың баламалы және қалпына келетін көздері аясындағы өзінің жетістіктері мен әзірлемелерін ұсынады. Бүгінде Израильде 200-ден астам жоғары технологиялық компаниялар бар, олар жасыл, атап айтқанда күн, жел және биомассалық энергетика саласындағы бірегей шешімдерді әзірлеуде.

Израильдік павильонның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі тақырыбы кездейсоқ таңдалмаған, себебі ол баламалы энергетика саласындағы әзірлемелер мен жетістіктердің мәні мен алуандылығын көрсетеді.

Израиль табиғи байлықтарға бай емес, алайда ең құнсыз қорға немесе қуаттың «көзіне» ие. Бұл, бірінші кезекте, адами қор, оған Израиль елеулі инвестициялар салуда. «Біздің барлық жетістіктеріміз Израильдің адамдарының, олардың жасампаздықтың креативті дағдыларының арқасында мүмкін болды. Біз Израилдің болашағын жасампаздық қуатымен байланыстырамыз және осы саладағы өзіміздің дағдыларымыз бен тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», — деп ЭКСПО-2017 көрмесінде Израиль Комиссары Элазар Коэн атап өтті. Израильдік павильонда қонақтар алғашында көретіні – бұл ғимараттың бас қасбетіндегі  12 метрлік аса зор интерактивті светодиодты LED-экран. Израильдік павильон 100 адамға дейін қабылдауға есептелген, оларды «Қуат елі» және «Жасампаздық энергиясы» қызықты шоулары күтіп тұр. Бұл шоу келушілерді баламалық энергетика саласындағы израильдік ноу-хаудың әліміне батырады. Осы шоу өтетін үй-жай 2400 LED-шамдармен және аумағы 150 шаршы м. болатын айналармен арнайы жабдықталған және осылайша қонақтарда қуаттың үздіксіз ағынында болу сезімі қалыптасады. Бұл түйінді шоу – сахнадағы жан толғандыратын соло мен 6-метрлік мөлдір экранға, залдың қабырғаларына бейнеленетін анимация мен бейне кескіндеменің және сахнаның үстінде қалқып тұратын секілді 2-метрлік серпінді LED-сфера арасындағы хореографиялық өзара әрекеттесу болып табылады. Бұл шоуда келушілер жасампаздық энергиясының барлық сиқырын сезінеді. Ол бір адамның өзінің әлемін жасау және маңындағы қоршаған қуатты өзгерте алу қабілетін білдіреді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Үкiметi мен Израиль Үкiметi арасында тығыз қарым-қатынас орнап, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылған.  Сондай-ақ, қос ел үкiметiнiң арасында биометрлiк ұлттық паспорт иелерiн визалық талаптардан босату туралы бiрлескен декларацияға қол қойылды. Қазақстан мен Израиль авиациялық билiктерi арасында өзара түсiнiстiк туралы меморандумға да қол қойылды. ҚР Мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi мен Израиль Мемлекеттiк қызметiнiң комиссиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, ТДҰА мен Израильдiң «Матимоп» өнеркәсiп орталығы арасындағы меморандумға қол қойылды.

«Мен сiздердiң болашаққа деген көзқарастарыңызды жоғары бағалаймын. Құрметтi Н.Назарбаев, сiз шикiзатқа негiзделген экономикадан жалпы экономикаға көшу керек деп дұрыс айттыңыз. Бiз бұл бiрiге жасайтын мiндет деп санаймыз. Бiзде соңғы уақытқа дейiн көп шикiзат болған жоқ. Бiз жақында ғана газды таптық. Сiздер Израиль энергетиканы экспорттайтын ел деп ойлайтын шығарсыздар. Дегенмен, бұған дейiн бiз көптеген нәрселердi экспорттап келдiк. Қазiргi таңда бiзде табиғи ресурстар мен техногендiк ресурстар да бар… Бiз ЭКСПО көрмесiне қатысып, қолдау көрсетемiз. Бiз сiздермен үш негiзгi сала: ауыл шаруашылығы, ғылым мен технологиялар және қауiпсiздiк, терроризммен күрес салаларында ынтымақтастықты дамытпақпыз. Қос елдiң арасында тiкелей әуе рейсiн ашу мүмкiндiгiн қарастырумен де келiсемiн», — дедi Израиль премьер-министрi Биньямин Нетаньяху. Атап өтсек, премьер-министр ҚР Президентi Н.Назарбаевпен кездесуде инновациялар мен стартап жобаларды дамыту мақсатында қазақстандық мамандарды даярлау үшiн оларды Израильге шақырған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444