Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Атамекен» патриоттық әндер байқауы өтті
Ағымдағы жылдың 24 күні Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Атамекен» патриоттық әндер байқауын өткізген болатын.
Патриоттық әндер байқауының мақсаты мүмкіндіктері шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану, онымен қоса мүмкіндіктері шектеулі жастардың өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі таныту құралы ретінде жасампаздық-шығармашылық қызметіне қоғамдық назарды аудару, олардың дарындылығы мен қабілетін қоғамдық таныту болып табылады.
Аталмыш байқау 6506 әскери бөлімiшінде өткізіліп, мүмкіндіктері шектеулі 14-29 жас аралығындағы жастарды қамтыды.
Байқау қатысушыларының өнерлеріне тамсанбасқа шара қалдырмады. Бірі қазақ тілінде өлең шырқаса, бірі орыс тілігде ән айтты. Тіпті кейбірі монолог оқып, келген әділқазы алқалары мен көрермендерің жүрегін елжіретті. Байқауға қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
1 орын — Дәмен Дәулет
2 орын — Оралбек Махамбетұлы
3 орын — Айдос Қалиев
Ынталандыру сыйлықтары Айгерім Бекболат пен Құттыбай Салтанатқа табысталды.
Жүлде қорына келсек, 1 орын иегеріне ноутбук, 2 орын иегеріне ауа тазартқыш, 3 орын иегеріне планшет табысталса, ынталандыру сыйлықтарына блендрлер сыйлыққа берілді.
Айта кетейік, аталған байқауға жалпы 13 өнерпаз қатысты.
Одан өзге, байқау аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі тақырыптарға арналған семинар-тренингтер мен мастер класстар өткізілді. Мысалы, кәсіпкерлік негіздері, тұтынушы құқығы сынды тақыпытар аясында әңгіме өрбіді. Аталмыш семинарлар қатысушыларға керек мағлұмат бере білді деген ойдамыз.
Семинар-тренингтер мен мастер класс қатысушыларына таратылым материалдарымен шахмат тақталары табысталды.