«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге!»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N52 мектеп-лицейінде «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге!» атты тарих және география пән бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Іс шара барысында «Хандар мен билер шеруі» ұйымдастырылып, мектеп әкімшілігі мен оқушылары арасында уақыт кеңістігінде әңгіме-сұхбат жүргізумен басталды, тарихи тұлғалар оқушыларға сұрақтар қойып, сұрақ-жауап алмасып дұрыс жауап берген оқушыларға мектеп-лицей басшысы Айнұр Жарылқасынқызы өз сый-сыяпатын жасады. Сонымен қатар оқушылардың ән-билерімен жалғасын тапты. Онкүндік барысында бірлестік мүшелері түрлі сайыстар, дөңгелек үстел, ашық сабақтар өткізуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444