АГЕНТТІК ӨКІЛІ, ЖАСТАРҒА: ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫҢДА
Ағымдағы жылғы 19 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет көрсету Департаментінің директоры Ильдар Бахытұлы ҮйсімбаевТүркістан облысындағы жұмыс сапары кезінде Халықаралық білім ордасынан ашылған Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттерімен кездесті.
Тыңдаушылар қатарында Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған 20 студент, осы университеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтарының 3 курс студенттері болды.
Іс-шара барысында И.Үйсімбаев «Сыбайлас жемқорлықтан абсолютті бас тарту ахуалын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы халыққа білім және тәрбие беру бойынша іске асырылып жатқан кешенді шаралар туралыайтып өтті.
Сондай-ақ, Ильдар Бахытұлы өзінің студент кездегі қызықты сәттерімен және қызмет жолындағы жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Болашақ түлектерге өз болашақтары, өздерінің қолдарында екенін, сондықтан өмір жолдарында жүретін бағыттарын дұрыс жоспарлау қажеттігі туралы кеңес айтты.
И.Үйсімбаев сөзінің соңында «Үлкен тарихы бар білім ордасының болашақта әлі де талай абыройлы халық қамын ойлайтын жастарды тәрбиелеп, еліміздің өркендеуіне зор үлесін қосатынына сенемін» — деп толықтырды.
Жиын соңында студенттер тарапынан тақырыпқа сай бірқатар сұрақтар қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды.