ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 14 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңі бастау алды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 14 жер анықталып, координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. Олардың ішінде А2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Шымсити көшесі, Қайнар бұлақ (саяжай алабы), «Тұран» шағын ауданы, «Нұртас» шағын ауданы, Тассай, «Қатын көпір», Құрсай, Самал-3, Достық, Р32 трассасы, «Бозарық» шағын ауданы бар.

Ендігі кезекте Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен бірлесе жер телімін анықтау жұмыстары жүргізіліп, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғыны орнату үшін қазу жұмыстары және бетон құю жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, 14 тұрғын алап пен шағын аудан сапалы интернетпен қамтылатын болады.

Ал, өткен жылы 1-кезең бойынша 11 жер анықталып бағандар орнатылған болатын. Оның ішінде, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай) тұрғын алаптарында базалық станциялар толық іске қосылды. Асар, Асар-2, Шымсити, Шымсити-2, Тұран және Ақтас-2, Айкөл шағын аудандарында орнатылған базалық станцияларды электр энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8(7252) 24-75-47

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444