Бәрі де балалар игілігі үшін
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N52 мектеп-лицейінде «Ризашылық» қайырымдылық фестивалі «Балалар игілігі үшін!» ұранымен өткізілді. Мерекенің мақсаты-балаларды жауапкершілікке, жомарттыққа баулу, татулық пен достықтың жарқын құндылықтарына ұмтылу, қоғамның назарын жетімділік проблемаларына аудару. «Ризашылық» қайырымдылық фестиваліне N52 мектеп лицей директоры Айнұр Жарылқасынқызы және ұстаздардың ұйымдастыруымен 13 оқушыға материалдық көмек көрсетілді.