Жасөспірімдерді қылмыстан аулақ болуға шақырды
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N52 мектеп-лицейінде тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға негізделген жоғары сынып оқушыларына семинар кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қалалық Абай ауданы прокурорының орынбасары Ыбышев Берік Әбдікерімұлы, Шымкент қалалық 6 емхананың дәрігері З.Байтикова, психологтар А.Абишова, А.Сарсенбаева және N52 мектеп-лицей директоры А.Бимырзаева қатысты. Семинар барысында 6 емхананың психологтары «Вич, Спид» ауруының алдын алу бойынша баяндама оқылып, бейнеролик көрсетіліп мамандар мен оқушылар арасында талқыланды. «Зорлық зомбылықсыз қоғам» тақырыбында баяндама оқылып, отбасылық берекесіздік жөнінде бейнеролик көрсетілді. Абай ауданының прокурорының орынбасары Б.Ыбышев қазіргі қоғамдағы жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстар жайында баяндап, қылмыс жасамауға шақырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу заңы насихатталды. Психологтар тренингтер жүргізіп, денсаулыққа ұқыптылықпен қарауға шақырды. Оқушылар кездесу барысында көптеген көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.