Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру мақсатында кездесу өтті
Шымкент қаласындағы «химия-биология» бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Оңалту жұмыстарын және діни псиxологиялық қолдау» бөлімінің басшысы Оспанов Далелxан қатысты.
Кездесу барысында діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір әр түрлі теріс ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы – қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады. Жан-жақты дамыған, діни сауаты жеткілікті жастар сонда ғана ертеңгі қауіпсіз қоғамның кепілі болмақ. Өйткені теріс діни ағымдарға тосқауыл қою жолында діни сауаттылықты арттыру мен әлеуметтік мәселелер бойынша қамсыздандыру төңірегіндегі ақпараттарды білу жастар үшін өзекті.