Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық жасалды
«Қамқоршылар күніне» орай, қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шараға 6-13 жас аралығындағы балалар қатысты.
Жылда өткізілетін іс-шара аясында демеушілердің көмегімен 100-ге жуық бала бас киім, сырт киім, аяқ киімдермен қамтылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөіндегі басқармасының тарапынан көпбалалы 7 қамқоршы мен 27 демеушілер алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыз бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 763 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 26 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде.
Шымкент – қайрымды қала. Ізеттілік пен мейірімділік, кішіпейілділік пен сыйластықбұл Шымкент тұрғындарына тән қасиет. Демек, біз кез келген бастама мен игі істі осы бағытпен жүзеге асырсақ өзгелерге үлгі.
Шымкент қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы