Тұрақтылық тұғырында
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер бір-бірімен тату-тәтті, барлығы Қазақстандық патриотизммен жұмыс жасап, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру мақсатында еңбектеніп жатыр. Қазақстандағы өзбектердің ұлттық мәдениетін, тілін, тарихын тануына жағдай жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 25 жыл толуына орай алдағы жоспарларға сәйкес ұйымдастырылатын шараларға өзбек этномәдени бірлестігі белсенді қатысып келеді. Бірлестік ішінде ән-би ансамблі бар және қайырымдылық концерттер, қайырымдылық шаралары өткізілуде.
Бүгінгі кейіпкеріміз Шымкент қаласының Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Хакимбеков Тахиржан Туйчиұлын таныстырып өтейік.
Ол 1972 жылдан 1977 жылға дейін-Ташкент ауыл шаруашылығы институты, экономика факультетін «экономист»мамандығы бойынша тәмамдады. 1977 жылы маусым айынан бастап еңбек жолын Шымкент орман сауда базасында экономист болып бастаған. 1978 жылдан 1980 жылға дейін «Каз Строй Торг» — да халық тұтынатын тауарларды шығару цехының бастығы, 1980 жылдан 1998 жылға дейін сол кәсіпорын директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бүгінгі күнге дейін — «Ақтаб» өндірістік кооперативінің төрағасы.
Жетістіктері мен марапаттары:
1998 жылдан 2010 жылға дейін 13 рет ауылдық округ әкімінің грамотасымен марапатталды. 2005 жылы Шымкент қалалық мәслихатының грамотасымен марапатталды. 2005 жылы «Нұр-Отан» демократиялық партиясының грамоталарымен марапатталған. 2006 жылы ОҚО мәслихатының грамотасымен марапатталды. 2011 жылы Республикалық Ассамблеялардың грамотасымен марапатталды. 2013 жылы облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. 2014 ж. «Қазақстан экономикасының даңқы жұлдызы» орденімен марапатталды.