Жастарды бірлікке шақырды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында мемлекеттік этносаясатты насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық – насихаттық топ Шымкент жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы және білім алушыларымен кездесті.
«Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары» — Жалмұрзаев Батырбек Қайратұлы, «Шымкент қаласының өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы» — Хакимбеков Тахиржан Туйчиевич және «Шымкент қаласы гректерінің «Ирини» этно – мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Параскевопуло Ольга Ивановна — білім алушы жастарға бірлігімізді нығайтып ынтымағымыздың берекелі болуын кеңінен сөз етті.