Көрме орталығында «Елін сүйген — Елбасы» атты флешмоб ұйымдастырылды
Шымкент қаласындағы «Көрме орталығы» мен химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірлесе отырып «Елін сүйген-Елбасы» атты флешмоб ұйымдастырып өткізді. Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.