Жастарға тәрбие құндылықтарын насихаттады

Шымкент қаласы Жұмат Шанин атындағы драма театрының әртістері Руслан Нұрман және Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Жәудір Сарыпбекова М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Шымкент колледжінің жастарымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты — мәдениет саласындағы танымал тұлғалардың өмір тәжірибесінде жинаған, тәрбиелік рухани адами құндылықтарын, жетістікке жету дағдыларын студент жастарға насихаттау және үйрету. Жастармен жүздесу сәтінде шығармашылық иелері өнер жолындағы әдемі де әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444